Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Облыстық Достық үйінде 2011-жылдың караша айының 3 күні «Мәдениетаралық қатынас дағдыларын меңгеру және төзімділік тәрбие үрдістерін ұйымдастыру» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті. Шараны облыстық Достық үйінің директоры Э.Т. Толеубеков ашты.
Бұл жиында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессорлары, кафедра меңгерушісі, окытушылары сөз сөйледі. Кафедра меңгерушісі Краснобаева Нелли Леонидовна «Адамзат дамуының мәселесі мен философиясы» туралы сөйледі, «Қазақ ұлтының қалыптасуы мен қазақ қоғамының факторының құрылуы – азаматтық бірлестікті нығайту» жайында профессор Столярова Лилия Викторовна айтып өтті. «Халықаралық және ұлтаралық шиеленістердің алдын алу, әлеуметтік тиімді бақылау» туралы доцент Столярова Элеонора Олеговна сөз сөйледі.
«Абай мұрасының дидактикалық жетістігі және төзімділікке тәрбиелеу және жоғары өнегелік жастар мәдениеті» тақырыбын профессор Григорьев Евгений Иванович кеңінен қозғады..
Одан да маңызды тақырыппен «Әлеуметтік төзімділік құрылымының психологиялық негізі» тақырыбында университеттің аға оқытушылары Лилия Николаевна Глушкова және Маржан Бектемірқызы Күзембаева өз баяндамаларын оқыды.
Барлық баяндамалардан кейін тақырыпқа сай пікірталас болды, қонақтар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, талқыға салды. Мереке аяғында төзімділік бағдардламасын реттеу және төзімділік мектебін ұйымдастыру жайлы ұсыныстар айтылды.
Іс-шараға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің аға оқытушылары, профессорлары, доценттері және қаламыздың мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.



