2011 жылдың 7 қараша күні Облыстық Достық үйі ұжымының күшімен «Құрбан айт» мерекесі өтті. Мерекелік дастарханға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонаққа шақырылды.
Мерекге жиналған қауымды құттықтай отырып, екі жүргізуші мерекені ашты. Өскемен қаласының орталық мешітінің имамы, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Құрбан айттың маңызын айта отырып , құран оқыды. Ақсақал Фрунзе Елғазыұлы асқа бата берді. Мерекеге келген облыс әкімінің орынбасары Т.Т Түсіпбеков барлық жиналған қонақтарға денсаулық, бақыт және отбасыларына береке , бірлік тіледі.
Дастарқан басында В.П. Магазинщиков, С.А. Ақанов, Р.А. Цис, К.М. Нариманян, А. Жаниярова және басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері мусылман қауымын мерекемен құттықтап, игі тілектерін айтты.
Мереке соңында Облыстық Достық үйінің директоры Э.Т. Төлеубеков қонақтарды қасиетті «Құрбан айт» мейрамымен құттықтап, уақыттарын бөліп келгендеріне алғысын білдірді.



