Облыстық Достық үйіндегі Конституция күні
012 жылдың 30 тамызы күні Облыстық Достық үйі ҚР конститутциясы күнін атап өтті. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері қалалық мерекелік шеруге қатысқаннан кейін, Облыстық Достық үйінің мәжіліс залында ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары А. Карапетянның қатысуымен, Республикасының Конституциясы күні мерекесінің құрметіне арналған, Қазақстан халқының салт-дәстүрін мен әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтау мен дамытуға қосқан еңбегі үшін медалін тапсыру салтанатты жиынына қатысты.
Тамыздың 28-інде А. Карапетян армян этномәдени бірлестігінің белсенділерімен кездесу өткізді, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессииясында ҚХА Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевна берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұдан кейін ҚХА Төрағасының орынбасары А. Карапетян Сол жағалаудағы этноауылда болып қайтты, онда армян үйінің экспозициясымен танысты. А. Карапетян облыс басшылығы, атап айтқанда облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қоғамдағы ұлтаралық келісімнің ары қарай нығаюына бағытталған жұмысына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелерін, достық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуда жемісті де белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев және Облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков марапаттады. Ал жиналған қауымды, барлық қазақстандықтар үшін ұлы мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады. Мереке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының құттықтауымен аяқталды.
Облыстық Достық үйі
