02-12-2022
Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы қалалық және аудандық Достық үйлерімен «Облыстық Достық үйлерінің жұмысын қолдау» атты онлайн семинарлар кешенін өткізді. Шара Достық үйінің 30 жылдығы аясында өтті. 3 күн бойы әріптестер өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Спикерлер Равиль Юнусов, Руфит Ахмедзянов және Мусина Мөлдір болды.
Семинар барысында өзекті тақырыптар талқыланып, түйткілді мәселелер көтерілді. Алғашқы күні концерттерді ұйымдастыру мен өткізудегі жаңашылдық тақырыбы қозғалып, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Екінші күн әртүрлі семинар тәжірибелеріне арналды.
Үшінші күні Достық үйлерінің қызметіне қатысты іс-шараларды жариялау мәселесіне назар аударылатындай етіп салынды. Жиналғандар ұжымдар аудандық достық үйлерінде журналистер болуы қажеттігін бірауыздан мәлімдеді.
Талқылау барысында спикерлер әріптестерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта да оларға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.