13-09-2018
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні Шемонайха ауданында «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» деген атаумен тілдер мерекесіне арналған фестиваль өтті. Кең көлемде ұйымдастырылған шараға алыс жақын аудандардағы түрлі этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық топтар қатысты. Шара қонақтарымен қатысушыларына арналған ұлттық қол өнер көрмесіде ұйымдастырылды. Аталмыш фестивалде Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының белорус этномәдени бірлестігінің «Крыничка» ансамбліде өнер көрсетті. Шараға қатысушылардың бәріде тілдері түрлі болған мен тілегі бір екендіктерін, тәуелсіз Қазақстанның гүлденіп дамуын, еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің бұзылмауын тілейтіндіктерін түрлі тілде айтылған тілектері арқылы жеткізді. Әсем ән мен көркем биге бөленген шарада көрермен қауым өнерпаздарға деген ыстық ықыластарын, қошеметпен соғылған алақандары арқылы білдірді.