19-07-2019
Қазақстан Халқы Ассамблеясының облыстық Қоғамдық кеңесі этносаясат бағытын ғана емес, сондай-ақ экологиялық және халық денсаулығы салаларына да жиі көңіл аударады. Атап айтсақ биыл жыл басынан бері аталмыш кеңес Ұлан ауданындағы демалыс орындарына рейд өткізіп, ұсыныстар берді.
Жалпы, өткен жарты жылда Қоғамдық келісім кеңесінің қатысуымен 149 проблемалық мәселе шешімін тапқан. Кеңес мүшелері Алтай ауданына қарасты Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған шипажайда тексеру жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелерді шешті.
Шығыс өңірі үшін өзекті проблемалардың бірі - экология мәселесі екені белгілі. Бұл әсіресе жаз шыға басталатын демалыс орындарында өзекті. Жағажайдағы жағдайдың нашарлауына байланысты түскен тұрғындар шағымынан соң Ұлан ауданының Сібе, Монастырь және Дұбығалы көлдерінің жағжайларына рейд өткізіліп, қоқыс орындары анықталды. Нәтижесінде жағажайлар қалдықтардан тазартылды.