28-10-2021
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында облыс әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы Мұхамедчиновтың этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуі өтті. Іс-шара барысында қоғамдық қызмет пен мемлекеттік саясатты іске асырудың түрлі аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Ел аумағында тұратын этностар өкілдерінің ана тілін үйренуіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл тақырып өзекті, жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
«Ана тілін үйрену өз халқының рухани мұрасына енуге ықпал етеді. Тіл мәдениет пен дәстүрді танып – білудің байланыстырушы тармағы болған және болып қала береді», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан Орыс мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Вера Правдина.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер жанында жұмыс істейтін шығармашылық ұжымдарды құрамын жасарту арқылы қайта құру тақырыбы қозғалды. Креативті әлеуетті толық көлемде ашу үшін жас балаларды тарту және оларға би, ән және басқа да бағыттар өнерін үйрету қажет.
Сондай-ақ, этнобірлестіктер жанынан жас көрермендер театрын құру идеясы ой-өрісті кеңейтіп, шығармашылық амбицияларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сабақтар кәсіби режиссермен өткізіледі, ал спектакльдердің тақырыптары ұлттық құндылықтарды: бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейді.
«Балалар - біз театр қызметіне жұмылдыруымыз керек негізгі контингент. Шығармашылық - бұл жаңа шыңдарды игеру жолы және жаңа нәрсені үйрену мүмкіндігі. Олардың болашағы жарқын, сондықтан біз лайықты ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, бірлестік өкілдері тілді оқытуға қажетті оқу құралдарының базасын жаңартып, толықтыру қажеттігін айтты. Өз кезегінде Азамат Маратұлы басқарма басшыларын қойылған және талқыланған мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсетуге шақырды.