12-04-2019
Достық үйінде ШҚО "Жанғыру жолы" жастар штабының өкілдері мен белсенді жастар бас қосып 2019 жылы жүзеге асырылатын жобаларды талқылады. «Жастар жылы» аясында елімізде жастарға арналған тың жобалармен жаңаша мүмкіндіктердің көп екендігі белгілі. Юнусов Равиль Александрович әлеуметтік маңызды жобаларға тоқталып, жастар мемелекеттік жобаларға қатысу үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді . Бұл жолғы жобаға URBAN FORUM Kazakhstan-мен бірлесіп жаңа Азаматтық бастамаларды жүзеге асыратын "Сорос-Қазақстан қоры" акционерлік қоғамы қолдау көрсетіп отыр.