09-09-2022
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» Ішкі саясат басқармасы басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша жиын өткізілді.
Шараға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» этномәдени бірлестіктердің мүшелері және қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.
Жиналыс форматы - Town Hall (жиналыс) түрінде өтті. Яғни, бір немесе бірнеше спикерлер (саясаткерлер, сарапшылар) өз тезистерімен таныстырады және белгілі бір аудиторияның сұрақтарына жауап береді.
Жиын барысында Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мекеева Жанат Жұмағазқызы, «Елбасының Жолдауында айтылған міндеттер туралы «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам», Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Мусинова Альмира Аскерханқызы, «Халықты мемлекеттік қолдау шаралары, нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру» туралы сөз сөйледі.
Сонымен қатар Білім басқармасы басшысының орынбасары Шаухина Динара Тоқсанбайқызы «Балалар жылы» аясында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру,«Қазақстанның ШҚО Азаматтық альянсы» ҚБ төрағасы Чернышов Олег Владимирович «Мемлекеттік институттарды дамыту, азаматтық белсенділік деңгейін және қоғамдық кеңестердің қызметін арттыру» тақырыптарында сөз қозғады.
Жиын соңынан қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өз сұрақтарына жауап ала алды.