Марат Әзілхановпен ресми кездесу

21-11-2024

Марат Әзілхановпен ресми кездесу

Шығыс Қазақстан облысы «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасы Равиль Юнусов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановпен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Этноgame» интеллектуалдық ойынын таныстырып, оның ерекшеліктері мен әлеуеті туралы баяндады. Бұл ойын этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, жастар арасында толеранттылық мәдениетін дамытуға және ұлтаралық келісімді дәріптеуге бағытталған бірегей құрал ретінде ұсынылды.

Сондай-ақ, бұл ойынды Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында еліміздің барлық өңірлерінде іске асыру және оның ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

«Этноgame» ойыны ұлттық бірлік идеяларын жастар арасында насихаттап, көпұлтты Қазақстан қоғамындағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтауда маңызды рөл атқарады.

Бұл кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі – этносаралық бірлікті нығайтуда жастардың белсенді рөлін арттыру жолында маңызды қадам болды.