Оқушыларға арналған «Радуга»  танымдық-ақпарттық ауызша журналы.

14-08-2014

Оқушыларға арналған «Радуга» танымдық-ақпарттық ауызша журналы.

2013 жылы 13 наурыз күні Облыстық Достық үйінде кезекті оқушыларға арналған «Радуга» танымдық-ақпарттық ауызша журналының кезекті саны өтті. Бағдарлама бойынша:1. Этномәдени бірлестіктермен таныстыру;2. Экобілгіштің экосабағы;3. Шығармашылық және ойын;4. Жетекшілер үшін тәжірибе алмасу.«ВЕГА» педагогикалық студенттер отрядының қүшімен, журналдың танымдық ойын бағдарламасына барлық оқушылар атсалысты.Осы жолы балалар украин этномәдени орталығының қызметімен танысты. Бірлестік мүшелері өз кезектерінде балаларды украин халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстырды. Ал экобілгіште тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдаға асыру, сонымен бірге тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдарды көрсету бойынша экологиялық тақырыпта сахналық көрініс қойылды. (пластикалық бөтелкеледен, шырын қорабтарынан).Журналдың өзекті тақырыбы «Масленица» меркесіне байланысты болды. «Кругозор» жастар орталығының өкілі Анастасия Антропова балаларды меркекнің ерекшеліктерімен таныстырды.Мереке барысында, Родунер Анастасия - «№ 14 орта мектеп» КММ, Балыкбаева Камила және 5 сыныбының хоры - «№ 37 орта жалпыбілімдік әрдәрежедегі, көппрофильді мектебі» КММ және «ВЕГА» студенттік педагогикалық отрядының өкілдері өнер көрсетті.Мерекеге «№14 орта мектеп» КММ, «№ 37 орта жалпыбілімдік әрдәрежедегі, көппрофильді мектебі» КММ, «Қазақстан-Ресей гимназиясы» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№9 орта мектеп» КММ оқушылары қатысты.Ұйымдастырушылар балалардың белсенділігіне риза болып, оларды журналдың келесі санына шақырды.Мерекеге 130 оқушы қатысты. Облыстық Достық үйі