2015 жылдың 13 маусымы күні Ертіс өзенінің жанында орналасқан амфитеатрда Open Air екінші спорттық-би фестивалі өтті. Осылайша, «Ынтымақ-Содружество» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері осымен екінші рет өскемендіктердің назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударды. Іс-шараға ерекшелігі сән берген ШҚО этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының фьюжен стилінде өнер көрсетуі болды. Сонымен, көрермендерге ерекше әсер қалдырған «Вайнах» шешен-ингуш хореграфиялық ансамблінің мүшелері мен «INVADERS» брейк-данс тобының арасында болған би жарысы. Фестивальға келген қала тұрғындарының спорттық және жаңа бағыттағы билерді үйренуге мүмкіндігі болды. Шара бағдарламасында сальса, бачата стиліндегі және басқа да латиноамерикалық бағыттағы билер, сонымен бірге күшті сезімге толы фламенко биі орындалды. Сондай-ақ шара барысында өскемендіктерге «регеттон» стилінде би фитнесс-бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасалды. Фестиваль барысында өз күш-қуатын сынауды ұнататындар үшін фитнесс-алаңы жұмыс істеді. Онда жергілікті кәсіби спортшылар мен паркур әуесқойлары әртүрлі трюктер көрсетті. Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша барлық тілек білдірушілерге жеңіл қозғалыстар мен жаттығуларды көрсету үшін нұсқаушылар шеберлік-сыныбын өткізді. Спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, «Гарпун» дайвинг клубының тұрақты серіктестерінен, «Fit-class» спорт орталығынан, «Не кафе» ойын-сауық орталығынан сыйлықтар мен жүлделер күтіп тұрды. Аталған шара қатысушыларға жақсы позитив, көтеріңқі көңіл-күй сыйлады.