Облыстық Достық үйінде 2011 жылдың 8 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және орыс мәдени орталығының 10 жылдығына арналған орыс халқының мәдени күндері басталды. 10 сәуір күні Достық үйінің мәжіліс залында орыс ән отауының кезекті концерті болып өтті. Концертке орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары, бүгінде облысқа, республикаға белгілі халықтық ұжым «Русская песня», үлгілі хореографиялық «Улыбка» ансамблі, «Мечта» вокалды жастар студиясы, «Вдохновение» ансамблі қатысты. Бұл мерекеде халық әндері, белгілі композиторлардың әндері шырқалып, орыс халқының әдемі билері орындалды. Шығармашылық ұжымдар көрермен қауымға, орыс халқының өнері сан қырлы екенін көрсетте білді.
Мерекеде жақында ғана құрылған «Веселые нотки» балалар вокалды тобының алғаш сахнаға шығуының тұсаукесері болды. Кішкентай балғындар толқып тұрса да, әндерін тамаша орындап шықты. Концертте 21 музыкалық нөмір орындалып, келген көрермендер әрбір шығарманы көңіл қойып тыңдап, қошаметтерін білдірді. Концерт соңында орыс ән отауының жетекшісі Л. Попова келген көрермендерге және шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне алғысын білдірді. Мерекеге 230 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

