2018 жылдың 2 маусысы күні, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Бастеньки» шығармашылық ұжымының 30 жылдығына арналған екі күндік Орыс фольклорының халықаралық 16-шы фестиваліның ашылуы болды.
Фестивалідің ашылуында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Бастеньки» шығармашылық ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Шара барысында Алматы қаласының «Зори Семиречья» және «Казаки Семиречья», Рессей мемлекетінің Барнауыл қаласынан «Утешная канарейка», «Душевный разговор» және «Песнохорки», Новосибирск қаласынан «Тырса» және «Чебагай», Предгорный ауылының «»Товарики», Секисовка ауылынан «Весняночка», Ұлан ауданының Веселовка ауылынан «Отрада», Шемонайха қаласынан «Гарусика», Өскемен қаласынан «Акниет», «Прялица», «Ладушки», «Бастеньки», Риддер қаласынан «Фабриканочка», Ұлан ауданының Донское ауылынана «Перезвон» және Семей қаласының «Казаки Прииртышья» атты шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Шара соңында фестиваль қонақтары мен шығармашылық ұжымдардың өкілдері кешкі «вечёрошные» ойындар ойнап, билер биледі.