25-11-2024
Достық үйінде Белорус этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Славян халқының күзгі мерекелері» атты шара өтті.
Мерекелік шара барысында славян халықтарының күзгі дәстүрлері мен мерекелік ерекшеліктері көрермендерге жан-жақты таныстырылды. Қонақтар ұлттық өнердің үздік туындыларын тамашалап, күзге арналған мазмұнды әрі қызықты презентацияны көрді.
Шара қонақтарының бірі өз пікірінде: «Бұл шара мені ерекше әсерге бөледі. Славян мәдениетінің бай дәстүрлері мен жылы атмосферасы бәрімізге керемет көңіл-күй сыйлады» – деп бөлісті.
Көрермендер славян мәдениетінің тереңдігін сезініп, мерекелік көңіл-күйде үйлеріне тарқасты.