Өскемен қаласында өткен

06-10-2014

Өскемен қаласында өткен "Беловодье" фестивалі

         Ағымдағы жылдың 26-шы және 28-ші қыркүйек аралығында  Өскемен қаласында Облыстық Достық үйі және облыстық славян мәдениет қоғамы «Беловодье» XII Халықаралық дәстүрлі орыс фольклорлық  фестивалін өткізді. Фестивальға  Горно – Алтай,  Новосибирск, Алматы қалаларынан фольклорлық ұжымдары қатысты. Ал Шығыстағы хор жанрымен ерекшеленіп үлгерген Өскемен, Зырян, Глубокое, Ұлан аудандары сынды елді-мекендерден келген өнер иелері де фестивальдің барынша көңілді өтуіне септігін тигізді.         Фестивалдің ашылу салтанаты Облыстық  Достық  үйінде өтті.  Сондай-ақ, кешкісін Жамбыл атындағы саябақта, қала тұрғындарына арнап, фестивалге қатысушы ұжымдардың мерекелік концерті ұйымдастырылды. Шара барысында, тілек білдірушілер орыс ұлттық ойындарын ойнап, кадриль биін билеп,  әндер шырқалды. Глубокое ауданының, Предгорное ауылында фестиваль өз жалғасын тапты.          Фестивалдің жабылуы Жамбыл атындағы Облыстық драма театрында  жерлесіміз Вадим Пашовтың туындылары бойынша Арт-мистерия "Родимый край",  "Беловодье" фестивалінің қатысушыларымен гала-концерт өтті.