2011 жылдың 5 қараша күні Семей қаласында, Өскемен күндеріне арналған, қолөнер шеберлерінің жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылды. Қаланың орталық алаңында Өскемен қаласының шығармашылық бірлестіктері мен облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Концерттік бағдарламаны Өскемен қаласының «Найман» студиясы ашты. Концерттік бағдарламаны облыстық Достық үйінің шығармашылық бірлестіктері жалғастырды. Шешен этномәдени бірлестігі «Вайнах» ансамблі өнерлерімен көрермен қауымның қошеметіне бөленді. Ансамбілдің жеке орындаушысы Лейла Коллоеваның шешен тіліндегі Нохчи-к1ант» әнін әсем дауыспен орындап шықты. Лезгинка биін Ганеева Наиля және Юнусов Равиль кавказ халқына тән ерекше ұлттық нышанда орындады. С
онымен бірге татар жастарынан құралған «Яшлек» ансамбілі концертте татар халық әні «Гармун алыйк әле дускай» әнін орындады.
«Ақниет» ансамбілінің орындауындағы Костюк Анатолия Николаевичтің сүйемелдеуімен «Аққулар» әні көрермен қауымның көңілін бей жай қалдырған жоқ, бірлестік мүшелері қазақ әндерінен «Попурри» орындады.
Концерттік бағдарлама соңында әзірбайжан этномәдени бірлестігінің «Азери» ансамбілінің орындауындағы халық биін көрермен қауым тамашалады.
Мерекелік концертті тамашалаған көрермендер өнерпаздардың ән-күйін тыңдап бір серпіліп, өткізілген шараға көңілдері толды.