01-06-2019
Достық Үйінің алаңында балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жаздың бірінші күні, Халықаралық балаларды қорғау күні және жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау күні Достық үйі -қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдары ән мен биден шашу шашты.
Ойындар арасында аниматорлар Розочка мен Клоунесса ойнады. Іс-шара соңында алаңның сол жағында "Бізді қоршаған әлем"атты суреттер конкурсы өтті. Қатысқан балалардың, үздік жұмыстары сыйлықтармен марапатталды. Мереке соңында Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы балаларға жазғы аяздан құтқаратын тәтті сыйлықтар сыйлады.