Ағымдағы жылдың 30 қазан күні “Лада” балабақшасының тәрбиеленушілерін көпұлтты және қонақжай Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы тағы бір мәрте қарсы алды.Кіщкентай әрі сүйкімді қонақтарды Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының шығармашылық топтарымен этномәдени бірлестіктерінің белсенділері құшақ жая күтіп алды.Ұйымдастырушылар шағын мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сонымен қатар “Отан, Президент және Мен” – атты тақырыпта суреттер сайысын өткізді. Бұл бір ғана экскурсияда бүлдіршіндер көптеген қызықтыда, танымды мәліметтерге ие болды.Балалар көңілді көтеріңкі көңіл күймен, үлкен таңданыспен және өздерінің тағыда келу ниеттерін білдіре отырып қоштасты. Іс – шара соңында бүлдіршендермен этномәдени бірлестіктер біріге отырып естелік суретке түсті.