Отбасы – ырыстың ұйтқысы

17-05-2019

Отбасы – ырыстың ұйтқысы

Ағымдағы жылдың 15 мамыры күні аудандық Достық үйінде Халықаралық Отбасы күніне арналған ток шоу түрінде жарқын және қызықты іс-шара өтті. 
Іс-шараның кейіпкерлері Қалымжановтар отбасы, оларға мереке қарсаңында «алтын той - 50 жыл», 7 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы Ревиндер отбасы және жас жұбайлар Молдатаевтар отбасы болды. 
Барлық қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Б. Баталов, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р. Н. Кисамиева құттықтады. 
«ДосStar» жастар клубының мүшесі Е. Меркулованың жеміс – жидек және көкөніс канапесын дайындау бойынша мастер-классы, Қалымжановтар көп жылдық мықты отбасының «Алтын той» символын Молдатаевтар отбасына табыстау рәсімі, көп балалы Ревиндер отбасының балалары үшін Аналар кеңесінің мүшелерінен тәтті сыйлықтар тарту етуі, құттықтаулары, ойындары, әзілдері, концерттік нөмірлер - осының бәрі көрермендерді, іс-шараға қатысушыларды қуанышқа бөледі. 
Іс – шара 80 жасқа толған К. С. Шайгумарованы мерейтойды құттықтаумен және қатысушылардың бірі - З. М. Жекибееваның даналық және өмірлік тәжірибесімен берген ізгі тілектермен, ақ батасымен аяқталды.