«Балауса» кәсіби хореографиялық ұжымына іріктеу

26-07-2018

«Балауса» кәсіби хореографиялық ұжымына іріктеу

26 шілдеде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балауса» кәсіби хореографиялық ұжымына 7-9 жас аралығындағы балалардың кезекті іріктеуі өтті. Хореографиялық ерекше іс-қимылдарды орындау үшін жақсы физикалық, хореографиялық дайындық, рөлдердің эмоционалды байлығы, есте сақтау қабілеті мықты және қиялы ұшқыр болу керек екені бәрімізге белгілі. Іріктеу кезінде балалар хореографиялық ұжымының басшысы балалардың сыртқы сахналық бейнесін, музыкалық, ырғақты сезіну қабілеттерін және медициналық көрсеткіштерін байқап анықтады.

Сырт бейнеге келетін болсақ, би қимылдарында дене бітімінің үйлесімділігі, дене мүшелерінің жеке бөліктері (табан, тобық, балтыр, тізе, жамбас буыны), жамбас буындарының ширақтығы, икемділік және іс-қимылдарды үйлестіру маңызды. Сондай-ақ, биде музыканың сан-қырлы мінез-болмысын – ырғақты сезіну мен сезімге берілуді жеткізу мүмкін емес.