«Барвинок» ансамбілінің есептік концерті

25-03-2018

«Барвинок» ансамбілінің есептік концерті

2018 жылдың 25 наурыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Украин этномәдени бірлестігінің «Барвинок» ансамбілінің кезекті есеп беру концерті өтті.

Топтың мүшелері 10 жыл бойы бос уақыттарын әнге арнап келеді. Міне бүгін олар көрермендерге «Реве та стогне Дніпр Широкий», «Вишеньки – Черешеньки», «Ой на горе калина», «Ой у вишневому садочку» және басқада әндерін орындап берді.

Сонымен қатар шара барысында «Арабеск» би ансамбілі украин, белорус және тағы басқа да халықтық билерін билееп көрермендерді қуантты.