«Вайнах» хореографиялық ансамблының есеп беру концерті

19-11-2018

«Вайнах» хореографиялық ансамблының есеп беру концерті

Ағымдағы жылдың 18 қарашасы күніДостық үйі –қоғамдық келісім орталығында «Вайнах» хореографиялық ансамблының есеп беру концерті өтті. Іс-шараға шығармашылық ұжымдар, жұртшылық және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Концертке «Вайнах» шешен –ингуш  этномәдени бірлестігі, «Арарат» аримян этномәдени бірлестігі, «Аизери» азербайджан этномәдени бірлестігі және «Кавказ» лезгинка мектебінің бишілері өнер көрсетті. Шараның мақсаты - ұлтар арасындағы татулық пен бірлікті, қоғамдық келісімді сақтай отырып, өңірімізді мекен еткен халықтардың өнерлері мен мәдениетін көпшілікке таныстыру.