Мереке қарсаңындағы марапаттар

21-12-2017

Мереке қарсаңындағы марапаттар

Еліміздің ең басты және маңызды мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, бүгінгі біздің жалпы табыс пен жетістіктеріміз болып табылады. Жыл сайынғы еліміздің тәуелсіздігі – бұл туған  елдің кезеңді дамуы. Осы өтіп бара жатқан жылда  бесқарағайлықтар үшін жемісті  болды. Еліміздің Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен біздің жерлестеріміз: аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы, Достық Үйінің әдіскері – Мухамедкалиева Кульпаш Смагуловна " Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Уәлиұлы Омаров, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы  марапатталды. Екі сыйлық та еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, қоғамдық қызметте белсенділікпен  елеулі үлес қосқандары үшін берілді. Біз әріптестеріміздің осы марапатқа ие болғанына өте қуаныштымыз! Одан әрі Бесқарағайдың дамуы жолында жаңа жеңістер мен  жетістіктерге жетсін! Қазақстан халқына бақыт, құт-береке және гүлдене берсін дейміз!

Аудандық Достық үйінің ұжымы, аудан этномәдени бірлестіктерінің мүшелері