13-08-2018
Жарма ауданында «Құрылысшылар күні» мерекесіне орай өткізілген шарада Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Русская песня» ансамблімен шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» хореографиялық ансамблінің әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Мерекелік кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Талғат Батырұлы аудандағы құрылыс саласының ардагерлері мен бүгінгі таңда осы салада белсенді қызымет етіп жатқан бірқатар азамматтарға Жарма ауданынның 90 жылдық мерекелік медалін, және аудан әкімінің құрмет громатасын табыстады. Сонымен қатар мерекелік концертке жиналған көрермендерге Өскемнен қаласынан арнайы барған «Русская песня» ансамблі әннен шашу шашса, «Вайнах» хореографиялық ансамблінің жас таланытты бишілері кавказ халқының жалынды билерімен кештің көркін қыздыра түсті. Өз кезегінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Батырұлы шығармашылық ұжымдарға ізгі тілегін білдірді.