12-02-2024
Мерекеге орай жиылған қауым алдында кәріс этномәдени бірлестігінің Төрағасы Арсен Тен кәріс ұлтының өкілдерін аталып өтілетін Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты кешке облыстағы кәріс этносының өкілдері, әтномәдени бірлестіктің ардагерлері, және жас белсенділері қатысты. Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биыл 10 ақпанға тұспа-тұс келді. Бұл - кәріс халқы үшін көктем мерекесі. Яғни, жаңару мен гүлдену уақыты болып саналады.
«Сольналь» мерекесінде жасалатын барлық ырымдар мен дәстүрлер келер жылы астық мол болсын деген ниеттен туындаған.
– Елімізде көптеген ұлт пен ұлыс бірлік пен татулықта ғұмыр кешуде. Түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлі мерекелері мен мейрамдары да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бүгін, міне, кәріс ұлтының жаңажылдық мерекесінің куәсі болып отырмыз, өте ерекше, кеш әсерлі өтуде, - деп өз ойын білдірді кеш қонағы.
Сольналь мерекесінде ән, би, ұлттық ойын және салт-дәстүрлер қонақтар назарына ұсынылды.