28-09-2021
Рош Ха-Шана – еврей күнтізбесінде жылдың басын белгілейтін мереке. Рош Ха-Шана екі күн бойы тойланатын, еврей халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Дәстүр бойынша мейрамның алғашқы күні күннің батысымен мереке басталады.
Әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Тамақтану кезінде халу – арнайы тілек оқылып, мерекелік нанды балға батыру міндетті. Жаңа жылдық мерекенің тағы бір дәстүрлі тағамы - бұл бал қосылған алма, сонымен қатар еврейлердің сенімі бойынша 613 дәні бар, иудаизмдегі өсиеттер санына сәйкес анар жемісі мен балықтың басын үстелге беру дәстүрге айналған. Жаңа жылдық дастархан неғұрлым дәмді болса, келер жыл соғұрлым тәтті болады деп есептеледі. Бұл күні еврейлер бір – біріне «берекелі және тәтті Жаңа жыл» тілеуді әдетке айналдырған.
Еврей этномәдени бірлестігінің мүшелері Жаңа жылдың басталуын Оэль Элиэзер - Хабад Любавич синагогасында атап өтті.
Іс -шара барысында көптеген викториналар мен ойындар ұйымдастырып, олардың көмегімен қатысушылар осы мерекенің тарихы мен дәстүрлері жөніндегі білімдерін тексеріп, сынай алды.
Шара суккада жалғасын тапты. Кохен (иудаизмдегі діни қызметкерлер) Суккот мерекесінің тарихы туралы айтып берді. Бұл мереке кезінде дәстүр бойынша олар еврейлердің Синай шөлін кезіп жүргенін еске алу үшін үйден тыс жерде, суккада (яғни шатыр астында) тамақ ішіп, түнейді.
Барлық қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Шараның соңында ұйымдастырушылар жиналғандардың барлығын естелік суретке түсуге шақырды.