16-04-2023
Ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Пасха» мерекесі тойланды.
Шараға қонақтары Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының украин этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарды дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленіп, ақ дастарханнан дәм татты.
«Пасха мерекесі баршамызға қуаныш және жақсы көңіл-күй сыйлайды, осы мерекені Достық үйінде атап өтіп жатқаныма қуаныштымын»,- деп өз ойымен бөлісті украин этномәдени бірлестігінің өкілі.