07-01-2023
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Рождество жарқын мерекесі атап өтілді. Мереке өте әсерлі өтті. Көрермендер осы мерекеге байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әлеміне еніп кетті. Көңілді рождестволық ән мен билер - мұның бәрі қонақтардың жүрегін керемет көңіл-күйге толтырды.
Рождестволық қызықтар балалық шақты еске түсіреді. Дәстүр бойынша, балалар мерекеде қар фигураларын мүсіндеген, халық ән айтып, би билеген, және атқа міндіп серуендеген.
Рождестводан кейін тағы екі апта бойы «Святки» болды. Үйлердегі «Святкаларға» сәнденіп, әдемі киім-кешектермен баратын болған, үй иелеріне сәттілік пен бақыт тілеп әндер шырқады. Бұған жауап ретінде иелері тәттілер беретін.
Достық Үйінің этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары Рождествоның барлық әдет-ғұрыптарын жарқын, әсем және айқын көрсетті. Мерекелік атмосфераны өз өнерлері арқылы жеткізе отырып, олар ертегі әлеміне енгізе білді.
«Рождество мерекесі әрқашан суық күнде жанды жылытады. Осы тамаша мерекенің құрметіне іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Балалық шағымды есіме түсіріп, ғажайыпқа сенетініме тағы бір мәрте көз жеткіздім».