25-10-2021
ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Этносаралық келісімді нығайту» жобасы аясында Абай, Пушкин, Шекспир шығармашылықтарына арналған квест өтті.
Іс – шараның басты мақсаты: әр елдің біртуар Ұлы тұлғалары – Абай, Пушкин, Шекспирдің шығармашылықтарымен таныстырып, шығармаларындағы ортақ үйлесімді көрсету.
6 команда бақ сынасқан ойын қаламыздың көрнекті, мәдени құндылығы бар нысандарыңда өткізілді. Локациядан локацияға жалғасқан ойын барысында қатысушылар күрделі сөзжұмбақтарды шешіп, есімдері аңызға айналған ақындардың шығармашылығына қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Әр нысанның сұрақтары мен сынақтарынан сүрінбей, алғашқы болып Достық үйіне жеткен топ жеңімпаз атанды. Нәтижесінде 6-шы топ мүшелері жеңіске жетіп, басты жүлдеге ие болды.
«Ұйымдастырылған іс – шара өте жоғары деңгейде өтті. Өз еңбегімен бірегей мұра қалыптастырған Ұлы тұлғалар туралы мол әрі тың мәлімет алдық. Осы квестті ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіргіміз келеді. Жеңімпаз команда атанғанымызға қуаныштымыз!», – дейді жеңімпаз команданың мүшелері.
Шара соңында қатысушыларға сыйлықтармен сертификаттар табысталды.