Өзін де көрсетіп, өзгені де қуантады...

14-08-2014

Өзін де көрсетіп, өзгені де қуантады...

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасын орындау барысында Солжағалау кешеніндегі Этноауылда қала тұрғындары мен қонақтардың демалысын ұйымдастыру мақсатында, жаз айларында әр түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп келеді. Облысымыздың қалалары мен аудандарындағы Достық үйлерінің шығармашылық ұжымдары демалыс күндері Өскемен қаласына келіп, позитивті демалысты бағалаушылар мен қала тұрғындарына өздерінің көркем өнерпаздық және шығармашылық шеберліктерін көрсетеді.   Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні этноауылда Зырян ауданы Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Концерттік бағдарлама Фарида Қалжырова мен Ерлан Қалиасқаровтың орындауындағы «Қазақ елі» әнімен ашылды. Әдемі әннен соң концерт жүргізушілері көрермендерге неміс вальсін өзіне тән айшықтығымен орындап шыққан, неміс ЭМБ фольклорлық тобының мүшелерімен таныстырды. Жас домбырашы Мадина Кадесованың орындауындағы күй, оның нәзік кішкене саусақтары шерткен домбыра пернесінен тамаша әуен төгілтіп, кезіндегі ата-бабаларымыздың шерткен күйін бірегей ырғақты ойнаумен есте қалды. Ұлттық тақырыптағы өнерді Саржайлау әнімен Елизавета Минуллина жалғастырса, ал Руфина Шевель қазақы ерекшелікпен қызықты вальсті ұсынды.   Республикамыздағы басқа этностардың мәдениеті төмендегі вокальдық нөмірлерде: «Кнопочки баянные» әні Татьяна Васильеваның орындауында, «Идель» әні Ғалия Кисембаеваның орындауында, «Я сама беда» әні Елизавета Минуллинаның орындауында, «Матур булсын» әні татар ЭМБ «Салават» вокальдық тобының орындауында, «Ой, Маричко, чичери» әні Екатерина Челенкованың, «Вольная» әні Ильи Анцибораның, «Казаки удалые» да «Запрягай-ка, батька, лошадь» әні «Зорюшка» вокальдық ұжымының орындауында ұсынылды. Би өнерінде татар, өзбек билері, сонымен бірге «Welcome to Russia, welcome to Kazakhstan» композициясын «Зыряночка» үлгілі би ансамблі, неміс полькасын неміс ЭМБ фольклорлық тобының орындауында көрсетілді. Шара барлық концертке қатысушылардың орындауында «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды. Осындай әдемі шара ұйымдастырғаны үшін зыряндықтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик алғысын білдірді. Облыстық Достық үйі