21-04-2022
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында » Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей интернаты оқушыларына арналған экскурсия өтті.
Шараға қатысушы мектеп оқушылары Достық үйінің тарихымен кеңінен танысты. Мекеме қызметкерлері тарихи ғимаратты толық көрсетіп, әр этно-мәдени бірлестіктің бөлімдерімен таныстырды. Оқушылар алдағы «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мейрамына дайындық процесін бақылап, украин этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен ән салуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жақында ашылған, барлығының сүйікті орнына айналған фотозонада суретке түсумен шара түйінделді.
«Экскурсия маған ұнады, қаламызда осындай Достық үйінің бар екендігі маған жақсы әсер сыйлады. Мекеме ұжымына береке-бірлік, шығармашылық табыстар тілеймін!» деп өз ойымен бөлісті шара қатысушысы.