Сұмдық жылдар туралы естелік!

08-06-2021

Сұмдық жылдар туралы естелік!

Өскемен қаласының «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығы авторы Сергей Ларенков болып табылатын «Блокадалық альбом» фотожобасымен көрме ұйымдастырды.

Ленинградты қоршау - екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі. Қоршаудағы Ленинградтағы адамдар өмірінің әр күні - ерлікпен тең. Ешкім ұмытпайтын ерлік.

- Көрме экспозициясына 19 фотоколлаж қойылды. Осылайша, біз Ұлы Отан соғысы батырларының бастан кешкен оқиғаларын адамдарға айтып, жеткізгіміз келеді. Біздің орталықтың әрбір келушісін көруге қуаныштымыз, - деп ойымен бөлісті Астахова Наталья Ивановна, «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығының директоры.

«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» басшысының орынбасары Юнусов Равиль көрмеге келгеніне өте қуанышты екенін атап өтті. Ол тарихтағы қиын жылдарды ұмытпау және қайталамау үшін осындай шараларды ұйымдастыру дұрыс деп санайды.

Көрме Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Өте мағыналы көрме өтті. Өздеріңіз білесіздер, егер қала жастары осы көрмеге келіп, онымен танысса жақсы болар еді. Менің ойымша, осындағы әр фотосуретті үнсіз қарап, сезіну керек», - деді Беларусь этномәдени орталығының төрағасы Галина Августиновна.