15-03-2021
Шығыс Қазақстан - украин этномәдени орталығы бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығыңда атақты Тарас Шевченконың әдеби еске алу кеші өтті.
Тарих бетінде есімі ақын, ойшыл мүсінші, флорист, сонымен қатар бейнелеу әлемінде 1100-ден асам туындысы бар суретші ретінде де танылған ерекше түлға. Тарас Шевченко 1914 жылы 25 ақпанда Киев губерниясында орналасқан Моринцы ауылында дүниеге келген. Тарастың ата - анасы князь Потемкиннің немересінің қарамағындағы қарапайым крепостнойы болған. 1840 жылы ақынның көзі тірісінде бірнеше рет басылып шыққан «Кобзарь» поэтикалық шығармаларының табынушылық жинағы жарық көрді. 1842 жылы Тарас өзінің тарихи-батырлық «Гайдамаки» поэмасын жариялады.
Іс-шарада жүргізушілер ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, көрнекті украин ақын-суретшісінің Қазақстан даласында 10 жылдан астам уақыт өткізгенін жәнеде қазақтардың тарихы мен мәдениетіне құнды көркем, әдеби, ғылыми үлес қосқанын атап өтті. Өз шығармаларында Шевченко әрқашан ұлтына қарамастан барлық халықтарды достық пен бірлікке шақырды.
Концерттік бағдарламаны украин этномәдени бірлестігінің вокалды ұжымы Тарас Шевченконың танымал өлеңдерін тамылжыта шырқаумен аяқтады.