Пасха - ең көне мерекелердің бірі

17-04-2023

Пасха - ең көне мерекелердің бірі

Пасха - ең көне мерекелердің бірі және жан мен ойларды тазарту уақыты.  Осы жарқын оқиғаға арналған мерекелік бағдарлама Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында өтті.  Ұйымдастырушы – славян этно-мәдени бірлестігі.  Концерттік бағдарлама басталмас бұрын қонақтарымыз үшін балалар мен ересектерге арналған қызықты шеберлік сабақтар өткізілді, онда әркім өз ойын шығармашылықпен көрсетуге мүмкіндік алды.  Сонымен қатар, «Белая сова» бірлестігінің қолөнершілері сәндік-қолданбалы өнердің тақырыптық көрмесін және әдемі фотоаймақ дайындады, соның арқасында жиналған қонақтар естелік суреттерге түсе алды.

Концерттік бағдарлама тамаша жиналған қонақтарға тамаша әсер қалдырды.  Жанды дауыстағы әндер, ұлттық нақыштағы билер қонақтарға қуат пен позитив сыйлады.  Этномәдени бірлестік мүшелері дайындаған қойылымдар да керемет әсерлер қалдыра адды. Көрермендер шығармашылық ұжымдардың күш-жігерін шын жүректен қуанышпен қарсы алды.

«Мұндай қызықты мерекеге қатысу– үлкен қуаныш.  Мен бұл мерекені шығармашылық, дарынды адамдар ортасында атап өтіп, жүрегімнің жылуын барлығымен бөліскеніме қуаныштымын», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.