Пасха – қуаныш мерекесі

25-04-2022

Пасха – қуаныш мерекесі

24 сәуірде православ халықтары пасханы атап өтеді. Бұл - христиандардың ең көне мерекесі. «Светлое Христово Воскресение» мәңгілік сенім, жеңіске жетуді еске салады. "Пасха" атауының өзі еврей тілінен аударғанда ("пейсах") "өлім өтті" деген мағынаны білдіреді. 

Пасха - жұртшылықты қуанышқа бөлейтін мерекелердің бірі. Боялған түрлі-түсті жұмыртқалар мерекенің сәнін келтіреді. Бұл күні дәстүр бойынша бүкіл отбасы пасхаға, дастархан басына жиналады. Алайда, үй шаруасындағы әйелдер есте сақтауы керек: бұл күні тамақ қалдықтарын тастамаған ләзім. Дұрысы, жануарларды тамақтандырған жөн, пасха жұмыртқаларынан қалған қабықтар топырақтың құнарын арттыру үшін жерге көміледі. 

Пасхада өтірік, өсек айтуға, адамдардың бір-бірімен ренжісуіне, ұрыс-керіске қатаң тыйым салынады. Керісінше, бұрынғы өкпе-ренішті ұмытып, достықты нығайтып, бір-біріне көмектескен жөн. 

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» пасха мерекесі аталып өтті. Шара барысында жиналған қонақтарға мерекелік бағдарлама ұсынылды. Орыс, украин, белорус этно-мәдени бірлестіктерінің дайындаған мерекелік қойылымдары көрерменнің көңілінен шықты. Сонымен қатар шара барысында пасха мерекесіне арналған сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

«Пасха - көктемнің тамаша мерекелерінің бірі. Жыл сайын бұл мейрамды Достық үйіне келіп тойлау мен үшін үлкен құрмет. Шара ұйымдастырушылары мен бізге керемет көңіл- күй сыйлаған өнерпаздарға алғысым шексіз» дейді шара қонақтарының бірі.