14-08-2014
ПАСХА
Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні облыстық Достық үйінде православтармен католиктердің «Пасха» мерекесі аталып өтті. Мерекелік концертті церков хоры ашты. Метрофан әкей және мерекеге арнайы атбасын тіреген облыс әкімі Б. Сапарбаев Достық үйінің мәжіліс залына жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Іс-шараға орыс, белорус, украин, неміс, поляк, армян, славян этномәдени бірлестіктері белсенді атсалысты.
Мерекеге келген қонақтар мен қала тұрғындары этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, халық ансамбльдері «Русская песня», «Кохання», «Майглекхен», «Вдохновение», «Ладушки» және «Бастеньки», «Улыбка», «Арарат» би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. Мерекеге арнай шақырылған Предгорьный, Донское ауылдарынан келген шығармашылық ұжымдар да, мерекеде өз өнерлерін көрсетті.
Достық үйінің әкімшілігі іс-шараға қатысқан барлық ұжымдарға Пасханың тәтті тоқашы мен кәмпиттер салынған қапшықтар таратты. Іс-шара мерекелік көңіл-күйде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Мерекелік шара барысында су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек ретінде жүргізіліп жатқан акция бойынша, мәжіліс залына жәшік қойылып, мерекеге жиналған әркім, өз қалауынша көмегін көрсетті. Жиналған қаражат жаппа шеккендердің есеп шотына аударылды.