29-04-2019
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Пасха» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Пасха - Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне мейрамы. Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан, Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді. Биыл католиктер мен православтар бұл мейрамды Сәуір айының соңғы жексенбісінде тойлады. Христиандар бұл мейрамда Пасха күнінде түрлі тәтті тоқаштар таратып, жұмыртқаларды түрлі түске бояйды. Достық үйінің хореографиялық ансамбльдері, "Прялица" ансамблі, Свято-Покровка храмының хоры, Таврия ауылындағы хордың ерлер тобы. "" Каскад " қоғамдық бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті.