16-04-2021
Еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, Достық үйі - қоғамдық келісім шаңырағында «Песах» мейрамы аталып өтті.
Қаршадайынан қартына дейін қынадай қырылып, екі ғасыр құлдықта өмір кешкен еврей ұлты үшін бұл мейрам, ұлт тағдырының қалыптасуымен тікелей байланысты. Себебі, Мысырдың жаңа патшасы Еврейдың әр туылған жас нәрестесін суға ағызып, қалған адамдарын құл еткен.
Суға кеткен нәрестелердің ішінде аман қалып ел болашағын сақтап қалған Моисей және жаратушы Алланың мысыр елі патшасына жіберген он түрлі қаһары және ол қаһарлардың қаншалықты азапты әрі шынайы болғаны туралы аитып берген жүргізушіміз, қатысушы жандардың назарын аударды.
«Бізге дейін аңыз болып келген бұл тарих таспасы, қазіргі кезде шынайылықпен ұштасатындай. Археологиялық қазбалар көптеген жазбалар соған дәлел және оны ұрпаққа жеткізу бізге міндет»,- дейді еврей этномәдени бірлестігінің белсендісі Саттарова Тамара Львовна.
Шара соңында ержүрек Моисей және Еврей халқының Песах мейрамына деген жалпы көз-қарасы жайында викториналық тағы да басқа ойындар ойнатылып, жеңімпаз жандар тәтті-дәмділер және Маца нанын жеңіп алып жатты. Шара жетекшілері, белсенді қатысушылармен сұрақ - жауап алмасып естелік фотоларға түсісіп тарқасты.