07-04-2018
2018 жылдың 7 сәуірі күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Еврей этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Песах» Еврей халқының мерекесі аталып өтті.
Мерекелік шара барысында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Еврей тілі үйірмесінің жетекшісі Сатарова Тамара «Песах» мерекесі жайлы қонақтарға түсіндіріп берді.
Сонымен қатар мерекелік шараға келген Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шик Лео Багданович жиналған қауімді «Песах» мерекесімен құтықтап гитарамен ән шырқап берді.