30-05-2022
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен А. Әубәкіровтың «Письма в никуда» кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағы тарихындағы қасіретті кезең – халықтардың жер аударылуы туралы айтылады. Күштеп көшірудің алғашқы тәжірибесін бір түнде «халық жауына» айналған немістер алды, басқыншы елмен соғыс болды.
Шара барысында жиналған қонақтарға халықтардың жер аударылуы туралы көрме ұсынылып, мерекелік қойылымдар қойылды.
Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, республикадағы тұңғыш облыстық Достық үйінің негізін салушылардың бірі, ұстаз, кітап авторы Лев Богданович Шик «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» атты баяндама жасап, авторды жаңа туындының тұсаукесерімен құттықтады.
«Кітаптың өте жоғары деңгейде жазылғанын бірден байқауға болады. Мен А. Әубәкіровтың шығармаларын жақсы көремін. Бүгінгі тұсаукесерге қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!», - деп шара қонағы өз ойымен бөлісті.