Жақын болашаққа арналған жоспарлар

24-01-2023

Жақын болашаққа арналған жоспарлар

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында – этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.  Іс-шара барысында қатысушылар ағымдағы жылға арналған жоспарларды, алдағы іс-шараларды талқылады, сонымен қатар бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда, әрбір бірлестіктің әлеуметтік желілерін жүргізу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, іс-шарада Достық үйінің басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы және оның орынбасары Юнусов Равиль Александрович сөз сөйледі.  Екеуі де әрбір этномәдени бірлестіктің қазақстандықтар арасындағы достықты, бірлік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу соңында сұрақ-жауап форматында пікірталас өтті.