Орамал қыздың айнасы

03-02-2021

Орамал қыздың айнасы

Қазақ аналары мен қыздарында орамал тағу дәстүрі көнеден қалыптасқан. Ақжаулықты әжелеріміз бен аналарымыз бойжеткен қыздарға орамал тағуды үйретіп өсиет ретінде қалдрып та отырған. Бас орамал әйелдердің мәртебесі мен отбасылық жағдайына байланысты таңдалады.Мысалға қызбаласының немесе әйел адамның мінезі, өзі жайлы бас орамалынан ақ байқауға болған, демек ол жәйғана бұйым емес қыздардың бір айнасындай саналған киім.

Семей қаласының «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының белсенділері орамал түрлері мен стильдері, сондай-ақ омен байланысты салт-дәстүрлер туралы толығырақ айтып, «Мен сыйға тартқан орамал» атты ұлттық бас киімдердің концерт-көрмесін ұйымдастырды. Айта кетейік, шара Халықаралық орамал күніне және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«Біз адамдарға ата-бабаларымыздың киімге қалай қарағанын және оның әрбір элементіне қандай мағына бергенін еске салу қажет деп санадық. Осы орайда орамалға баса назар аудардық. Қазақ әйелдерінің оны күнделікті өмірде де, мерекелерде де кигені ешкімге жасырын емес. Ежелгі заманнан бері олар бастары мен шаштарын орамалмен жауып келген, бұған көптеген дәлелдер бар: мысалға  суреттер, әдеби шығармалар, бұл туралы тарихи құжаттарда жиі айтылады. Орамал тағу дәстүрі бүгінгі күні де өзекті», – дейді ұйымдастырушылар.

Көрме аясында көрермендердің назарына Қазақтың әйелдер мен ерлердің дәстүрлі бас киімдері ұсынылды. 19-20 ғасырлардағы Ресей, Қытай, Франциядан келген әйелдер орамалдары және  қазақтың ұлттық орамалдары. Өнімдерді көру өте қызықты болды. Орамалдар стилі, түсі және үлгісі бойынша бір-бірінен ерекшеленді.

Музыкалық сүйемелдеумен өткен шара соңы орыс және қазақ тілдерінде орамал туралы әндермен аяқталды.