31-05-2018
Ағымдағы жылдың 31 мамыры күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтың ізімен» атты дөңгелек үстел отырысымен өткен тарихтан сыр шертетін тарихи құжаттар мен кітап көрмесі өтті. Шараға этномәдени бірлестік өкілдері мен белсенділері, ШҚО аналар кеңесінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері және облыстық Пушкин аттындағы кітапханамен қалалық О.Бөкей атындағы кітапхана қызыметкерлері қатысты.
Шара саяси репрессия кезінде дүниеден өткен, зардап шеккен қазақстандықтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Ашаршылық және саяси репрессиялар, жер аудару құрбандарын еске алу әрбір саналы азаматтың, азаматтық борышы - деп атап өтті ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ Нурғазиев.
«Видергебурт» Шығыс Қазақстан немістер мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Роот Лидия Генриховна және Шығыс Қазақстан облысындағы шешен және ингуш халықтары Ассоциациясы «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Р. А. Юнусов саяси қуғын - сүргін құрбандары туралы деректермен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық А.С. Пушкин аттындағы кітапханамен қалалық О.Бөкей атындағы кітапхана ұжымыдары мен Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы бірлескен Алаш қайраткерлерінің еңбектерінен шараға қатысушыларға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.