13-05-2022
Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні – батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасап, ерлік пен елдікті әспеттейтін айтулы күн. Өткен тарихты ұмытпау, одан сабақ алу – бүгінгі буынның парызы. Қазіргі Отан қорғаушылар Отанымыздың бейбітшілігі, ұрпақтарының амандығы үшін жанын қиған ерлерден лайықты үлгі алуы керек.
Қазақстан – бейбітшілік пен келісім бесігі, ал Достық үйі – түрлі этностардың өзара түсіністік тізбегі тапқан жері. Көпшілік үшін Қазақстан туған жеріне, достары мен ағайындарын жинаған үлкен киіз үйдегі шаңыраққа айналды.
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған «Жеңіс рекорды-2022» атты іс шара өтті. Спорт сүйер қауым мен мәдениетті демалғысы келетіндер «марафон» деп аталатын жарысқа қатысты.
Шара аясында барлығы ептілік және төзімділікті таразыға салатын спорт түрлері бойынша сайысқа түсті, өйткені отжимание жасау мен отырып-тұру оңай жұмыс емес. Рухани тұрғыда тынығуды қалайтындар үшін этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар мәдени бағдарлама ұсынды.
«Өте көңілді, әдемі де әсерлі! Спортты, музыканы және биді соншалықты органикалық түрде біріктіреді деп ешқашан ойламадым. Бұл менің ең нәтижелі демалыс күнім. Осындай естен кетпес көңіл күй сыйлаған Достық үйіне мың алғыс», - дейді қатысушылардың бірі.