28-02-2022
Қазақ халқы көктемнің алғашқы күнін дәстүр бойынша "рахмет" сөзімен қарсы алады. Республикамызда жас, бірақ бәрінің сүйікті мерекесі – Алғыс айту күні атап өтіледі. Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы болашақ жастарымызға позитив сыйлап әрдайым көмектеседі.
Армян, шешен-ингуш және корей этномәдени бірлестіктерінің мүшелері меценаттар клубының, атап айтқанда Михаил Лунев пен Алмас Ахатовтың қолдауымен қайырымдылық акциясын өткізді. Айта кетейік, мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
"Отбасы-бұл баланың жеке тұлға ретінде негізі қалыптасатын орта. Балалар-біздің болашағымыз және болашақтың дамуы солардың қолында. Біз, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, көп балалы аналарға қазақ халқының атынан алғыс айтқымыз келеді", – деп этномәдени бірлестіктердің мүшелері ортақ пікірлерін білдірді.
ЭКО өкілдері 6 отбасының әрқайсысымен әңгімелесу жағымды болғанын атап өтті. Бетпе-бет диалог өзекті мәселелер туралы білуге және осы әлеуметтік топтың қоғамдағы рөліне басқа қырынан қарауға көмектесті. Әр отбасылардың тағдыры ерекше, бірақ әрқайсысында махаббат пен өзара түсіністік бар.
Көп балалы аналар көрсетілген көмекке риза болды. Қайырымдылық жиынтықтарына ең қажеттінің бәрі кірді. "Этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне біздің отбасымызды қараусыз қалдырмағаны үшін үлкен рахмет. Жиынтықтар шын көңілмен жиналғаны бірден байқалады. Барлығын қажетімізге жаратамыз", - деді аналардың бірі.