04-11-2022
Достық үйінің 30 жылдығы мен «Алтайдың дәнекері» әдеби бірлестігінің 100 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастамасымен Ресей Жазушылар Одағының Қазақстандағы мүшелері бірлестігі және Шығыс Қазақстан жазушылары мен ақындарының орыс тілінде жазған 30 томдық шығармалар жинағы «Казцинк» ЖШС қаржылық қолдауымен «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» «Алтай ИзумРудный» журналының тұсаукесері және өңірімізге танымал тұлғалармен кездесу өткізілді.
Кездесуді Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – «Алтай ИзумРудный» журналының редакторы Геннадий Николаевич Пуссеп ұйымдастырды.
Іс-шара «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» басшысы Эльдар Төлеубекұлының құттықтау сөзімен басталды. Достық үйінің этномәдени бірлестіктері мүшелерінің әзірлеген концерттік нөмірлері шараның көркін ашты.
Журнал беттерінде шығысқазақстандықтардың шығармалары: поэзия мен проза, қазақ тілінен аудармалар, өлкетану материалдары, балаларға арналған ертегілер, өнер қайраткерлерімен кездесулер мен мұрағаттар туралы есептер берілген.
Сонымен қатар, журналда Достық үйіне арналған айдар енгізілді.
Шараға мектеп, қалалық, облыстық кітапхана қызметкерлері, мұражай қызметкерлері, мұғалімдер, журналистер мен мұғалімдер, мектеп және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
«Бүгінгі шараға қатысып, осындай керемет күннің куәгері болғаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастыршыларға, Достық үйіне көп рақмет!», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.