10-03-2023

"Жанға жылулық сыйлады"

№23 мектептің мерекелік концертіне Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этно-мәдени бірлестіктері қатысты.

Концерттік бағдарлама көрермендерді тәнті етті.  Іс-шара өте әсерлі және атмосфераға толы болды.  Әртүрлі этностардың шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.  Әрбір сәт  ұлттық бояуға қанық болып, Қазақстан халқының мәдениетінің байлығын көрсетті.

Достық үйінің би студиясының қойылымы көрермендердің жүрегін жаулады. Бишілердің қимыл-қозғалыстарының бірқалыптылығы мен сымбаттылығы кез келген адамды таң қалдырды.

«Біз сіздерге жан дүниеміздің бір бөлігін сыйлағанымызға қуаныштымыз, мектептеріңіздің гүлденуіне шын жүректен тілектеспіз!», - деді этномәдени бірлестік өкілдерінің бірі.