08-09-2021
«Антарес А « қоғамдық қоры «Жастар бастамаларын қолдау» жобасы аясында облыстық шағын гранттар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
Жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.
Әрбір грантқа 400 000 теңге сомасында 5 грант берілетін болады.
Байқаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған шығысқазақстандықтардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау болып табылады.
Байқауға қатысу үшін тіркелген және ҮЕҰ дерекқорында тұратын жастардың үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ ШҚО аумағында құрылған және өз қызметін жүзеге асыратын бастамашыл топтар үміткер бола алады. Байқауға қатысуға конкурстық өтінім берген, байқау өтінімдерін қабылдау аяқталған кезде жасы 18 кем емес және 29 аспайтын командалардың қатысушылары мен мүшелері, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Гранттар Қазақстан Республикасының жастарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
- білім, ғылым, ақпарат;
- дене шынықтыру және спорт;
- азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
- экология, қоршаған ортаны қорғау;
- отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
- мәдениет пен өнерді дамыту;
- елді мекендердің инфрақұрылымы, урбанистика және қалалардың дамуы.
Үміткерлердің байқау өтінімдері pdf және word форматтарында pf.antares.a@mail.ru электронды поштасына 2021 жылғы 24 қыркүйекке дейін қабылданады. Байланыс телефондары: 8 (776) 494-85-85; 8 (7232) 40-11-56.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1. жобаның сипаттамасы;
2. шығыстар сметасының жобасы;
3. зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.
Толығырақ ақпарат («Жастар бастамаларын қолдау» облыстық шағын гранттар байқауы туралы ереже) келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/14hVyCd_3UvDPlIZaf-CV4UrWTp2UmmCX?usp=sharing