«Жүректен шыққан сырлы сөз»

12-02-2024

«Жүректен шыққан сырлы сөз»

Достық үйінің коворкинг жастар орталығында поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты: жастар арасында кітап оқу мәдениетін қайта жаңғыртып дамыту, кітап сүйгіш оқырмандардың бірегей сұхбат алаңын жасау.

Онда қазақтың поэзия майталмандарының шығармаларын насихаттау мақсатында әр түрлі ақын-жазушылардың шығармалары оқылып, әндері шырқалып, бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, «Қазіргі қоғамда кітаптың алатын орны қандай?», «Жастар кітап оқиды ма?» деген сияқты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.